Бүгін
Қарағандыда жұмыс істеп, «Ақ жол» демпартиясы Ұлттық кеңесінің хатшысы Асылхан
Қожахметов пен «Ақ жол» демпартиясы облыстық филиалының төрағасы, облмаслихат
депутаты Ермек Әбілдинмен бірге «Каз ПромАвтоматика» ЖШС, Қарағанды аяқ-киім
фабрикасы, «Global City Kz» сауда-логистикалық орталығы және т.б. секілді
бірқатар кәсіпорындарда барып қайттық.
Кездесу барысында инвестиция тарту түйткілдері, кәсіпкерлерге
қажетті мемлекеттік қолдау шарасы сияқты бүгінде отандық бизнес алдында тұрған
мәселелерді талқыладық.
Caterpillar компаниясының Қазақстан мен Қырғызстан
аумағындағы ресми диллері саналатын «Борусан Макина Казахстан» ЖШС жақсы әсер
қалдырды. Кәсіпорын басшысы Серік Нұрахметов жеткізілетін тау-кен және құрылыс
техникасының түрі, кәсіпорынның күшімен осы техникаға қызмет көрсету және
жөндеу жұмысы туралы айтты. Бұл техниканы «KAZZINC» ЖШС, «ҚАЗАҚМЫС»
Корпорациясы» ЖШС, KAZ Minerals және т.б. секілді ірі тау-кен компаниялары
қолданады.
«Борусан Макина Қазақстан» қызмет көрсетілетін
техникаға арналған тісті доңғалақтардан көп тонналық самосвалдардың
кузовтарынагі дейін көптеген ауыстырылатын түйіндер мен бөлшектерді жұмыс
орнында шығарады екен (Мұндай ірі өнімдерге зауыт ҚР мемлекеттік туындағы
қазақтың ұлттық нақышын таңбалап басады).
Сонымен қатар, кәсіпорын қозғалтқыштарды жөндеп,
олардың қызмет ету мерзімін ұзартады. С. Нұрахметовтың айтуынша, зауыт белгілі
бір жағдайларда бренд иесінің сапа талабына сәйкес Caterpillar техникасы үшін
қозғалтқыштарды шығаруға да дайын.
Бұл бағытты (отандық жер қойнауын пайдаланушылар
пайдаланатын үздік шетелдік құрал-жабдықтарға арналған құрамдас түйіндер мен
қосалқы бөлшектер өндірісін құру) өнеркәсіп саласын дамытуда аса маңызды деп
санаймын.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 7 ақпанында
тағайындалған үкімет отырысы кезінде ұлттық экономиканың индустриялық негізін
құру бойынша тапсырмаларды нақтылағанда осындай мүмкіндіктерді пайдалану
қажеттігін де айтқан болатын.
Кәсіпорын отандық жоғары сапалы болаттың,
шойынның, сым және т.б. жоқтығын маңызды мәселе деп санайды.
Өкілетті мемлекеттік органдармен талқылау үшін осы
ескертулерді дайындауды сұрадым.