07
Сәуір

“Ақ жол” демпартиясының Түркістан облыстық мәслихат депутаты Жамшидбек Туламетов тасқын суға байланысты төтенше жағдай орын алған Ақтөбеліктерге көмек көрсетті

7 сәуір  2024 жыл, “Ақ жол” демпартиясының Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Сайрам аудандық мешіт имамдары, “Садақа береке” қоры, Шымкенттік бірнеше кәсіпкер, сонымен қатар, “Ақ жол” партиясының мүшесі, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Жамшидбек Равшанұлы Туламетов бірлесіп, тасқын суға байланысты төтенше жағдай орын алған Ақтөбеліктерге жылу жинады.

100 отбасыға азық-түлік, 100 отбасыға көрпе-төсек сатып алып, солтүстік-батыста зардап шеккен тұрғындарға жіберді.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында төтенше жағдай жарияланған болатын. Қарғын судан Ақтөбе облысындағы 12 ауданның Қарғалыдан өзгесі түгел зардап шеккен. Әсіресе Қобда ауданындағы ахуал қиын. Қобдада жүзден астам үй мен ондаған ғимарат су астында қалып қойды.