28 наурыз 2024 жыл, «Ақ жол» ҚДП Атырау облыстық филиалы
«Ақ жол» ДП-нан сайланған Атырау қалалық мәслихат
депутаты Б.Әжіғалиев әрдайым белсенді қызметімен көрініп келеді. Ол
сайлаушылардың өтініштерін дер кезінде орындауға күш салып отырады.
Қазір қалада екі күн қатарынан жауған жаңбыр салдарынан
тұрғын үйлерді су басу қаупі сейілмей тұр. Осыған орай депутат өз округі
бойынша сайлаушыларға көмек қолын созуда.
Алдында да олардың тілегіне орай вакуммен көмектессе,
бүгінде тұрғындардың өтінішіне байланысты тағы да үйлердің аулаларын тазарту
жұмысына ат салысып, вакуммен көмектесті. Бұған тұрғындар ризашылықтарын
білдіріп, депутатқа алғыстарын білдіруде. Ел өтініштеріне сергек қарау - депутат парызы екенін Бауыржан Өтепқалиұлы
әркез естен шығармайды.