09
Сәуір

"Ақ жол" демпартиясынан сайланған Атырау облыстық мәслихат депутаттары Е.Юсупов пен К.Шин 2,5 тонна қажетті азық-түлік алуға көмек көрсетті

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласындағы жұмыс жасап жатқан көмекке келушілер мен тұрғындарға қазіргі таңда азық-түлік жеткізу үлкен қиындықтар туғызып отыр. Осыған байланысты «Ақ жол» ДП-сынан сайланған облыстық мәслихат депутаттары Е.Юсупов пен К.Шин 2,5 тонна қажетті азық-түлік алуға көмек көрсетті.

Атырау мен Құлсары арасындағы жолдың бұзылуына байланысты  Маңғыстау облыстық филиалындағы әріптестеріміздің көмегімен қажетті азық-түлік алынып, жөнелтілді.

Оны Жылыой аудандық мәслихат депутаты А.Өмірзақ Боранқұл елді мекенінен күтіп алып, көмекке келушілер мен тұрғындарға таратады.

Алда да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.