05
Шілде

«Ақ жол» демпартиясынан Тараз қалалық мәслихатына сайланған депутат Руслан Мырқалықов көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді

5 шілде 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Тараз қалалық мәслихатына сайланған депутат Руслан Мырқалықов көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауда №8 сайлау аумағында орналасқан Менделеев 3-бұрылысының №13 көпқабатты үйінің тұрғындары бірнеше мәселе көтерді.

Соның бірі – көпқабатты тұрғын үйге арнайы бағдарлама шеңберінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі.

Депутаттың сұранысы бойынша қоғамдық қабылдауға Тараз қаласы әкімдігіні тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Асанәлі Төкебаев, осы әкімдік аймақтың бас инспекторы Мақсат Рахымбекұлы келіп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.