31 мамыр 2023 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық кеңсесінде «Алаш ренессансы» тақырыбында онлайн-лекция өтті.
Лекцияны Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ əдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қайырбек Кемеңгер өткізді.
Жиынға «Ақ жол» демпартиясының басшылығы, фракция депутаттары, партияның өңірдегі филиал өкілдері, алаштанушы ғалымдар қатысты.
- Бүгін саяси қуғын-сүргін, ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Баршаңызға мәлім, «Ақ жол» демпартиясы үшін еліміздің тарихы, оның ішінде Алаш арыстарының ерлігі, Алаш бағдарламасы, Алаш қайраткерлерінің естеліктері бірінші орында. Бүгін Астанадағы қуғын-сүргін құрбандары монументіне, Ақмол ауылындағы Алжир мемориалдық кешеніне барып бабалар аруақтарына бас иіп, құран бағыштадық. Атыраудан бастап Өскеменге дейін, Петропавлдан бастап Шымкентке дейінгі барша аймақтарымыздағы «ақжолдықтар» осы тағзым шарасын ұйымдастырып жатыр. Құрбан болған бабаларымыз қазіргі тәуелсіздігіміздің ірге тасын қалады деп айтсақ қателеспейміз. Ұлттық тәуелсіздік елімізге оңайлықпен келген жоқ. Оның артында миллиондаған құрбандар жатыр. Мысалы, тек ашаршылық жылдарында кейбір ғалымдардың есептеуінше қазақ халқы 70 пайызынан айырылды. Жалпы сол оқиғаларды, сол тарихты арнайы зерттеп айналысатын азаматтарымызды, алаштанушы тарихшыларымызды біз сыйлаймыз және тығыз байланыстамыз. 12 жылдан бері партиямыз «Алаштың Ақ жолы» ғылыми байқауын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Биылғы жылы сол байқауды басқару үшін арнайы белгілі ғалым, Алаш арысының ұрпағы, Еуразия Ұлттық университетінің профессыры Қайырбек Кемеңгерұлы әріптесімізді шақырып, тапсырып отырмыз және де бүгін онлайн-лекцияға қатысып, жиналған деректермен бөлісу үшін бас қостық, - деді А. Перуашев.
Онлайн лекция барысында Қ. Кемеңгер жиналғандарға Алаш арыстарының өміріне қатысты аңқаңдақ ақпараттарды жеткізіп, Алаш бағдарламасында қаралған мәселелер жөнінде сөз қозғады.