Кеше министрліктердің, Жол саласы қауымдастығының, «Қазавтожол» компаниясының, жол кәсіпорындары, асфальт-бетон зауыттары басшылары мен көпір құрылысшыларының қатысуымен жол құрылысы саласының мәселелері бойынша «Ақ жол» демпартиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.
Кәсіпкерлердің айтуынша, жағдай тығырыққа тіреліп, бірқатар жобалар бойынша жұмыс мүлдем тоқтап қалу қаупі бар. Оның басты себебі - битумның тапшылығы мен бағасының күрт өсуі, және бұл ғана емес.
Кездесу бейнеконференция арқылы өтіп, әр өңірдің жол құрылысшылары өз пікірлерін білдіре алды.
Мәселенің жан-жақты көрінісін жол саласы кәсіпорындары қауымдастығының басшысы Бағлан Баймағамбетов баяндады. Қарағанды, Ұлытау, Ақмола, Жамбыл, Алматы облыстары, Алматы, Астана, т.б. аймақтардан келген әріптестерінің де сөздері оның айтқанын қажетті мән-жайлармен толықтырды.
Қаржы вице-министрі Эльдар Қазғанбаевтың, Индустрия министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллиннің, Энергетика министрлігі Мұнай өңдеу департаментінің директоры Самат Мергеновтың, «Қазавтожол» АҚ және «Жол сапасы орталығы» РМК басшылығының жауаптары жағдайды түсінушіліктің және оны шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барын, сондай-ақ мәселенің жуықта жақсара қоймайтынын көрсетті.
Талқылау нәтижелерін қысқаша қорытындылай отырып, келесі мәселелерді топтап бөлуге болады:
1. Жол құрылысы мен орташа жөндеу жұмыстарында мемлекеттік сатып алулар мен баға белгілеу әдіснамасын, атап айтқанда, баллдық жүйені, кірістілік нормасын және 2% мөлшеріндегі күтпеген шығындарды сақтауды қайта қарау қажеттілігі. Жылдың басында көп айлық үзіліссіз жұмыстарды жылжымалы қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету. Қаржы вице-министрі Э.Қазғанбаевтың айтуынша, мемлекеттік органдар заңнамаға тиісті түзетулерді дайындады, «Ақ жол» демократиялық партиясы оларды талқылауға салалық кәсіпорындарды тартуы қажет.
2. Қысқы кезеңде битум өндіруді, қаптауды, тасымалдауды, сақтауды және осы кезеңдегі кәсіпорындардың айналым қаражатын қаржыландыруды ұйымдастыру. Мәселен, үш негізгі битум өндірушілердің жеткілікті өндірістік қуаттары бар бола тұрып және басқа да өндірушілер болғанымен, битум тек жол құрылысы маусымында шығарылады, яғни, наурыздан қазанға дейін. Суық айларда қатқаннан кейін қайта қыздыру кезінде битум сапасының төмендеуіне байланысты зауыттар бос тұрып қалады. Мәселені шешу - қаптаманы ұйымдастыруда (көлемді сақтауды және кейіннен жылытуды болдырмау үшін), битумды құрылыс маусымы басталғанға дейін тағайындалған жерге тасымалдау. Осы отырыста мұндай тактикаға көшу мен қаржыландыруды (бұл өте маңызды!) «Қазавтожол» АҚ белгіледі. Бұл жерде тағы бір монополиялық оператордың құрылу қаупі бар, сондықтан ұсынылған тәсіл қатысушыларды кеңейтуді қажет етеді.
3. Кәсіпкерлер жеткізілетін битумның бағасы мен сапасын қатаң сынға алды. Мәселен, Энергетика министрлігі мұнай өңдеу департаментінің директоры С.Мергенов битум тоннасына 110-120 мың теңгеден сатылып жатыр деп сендіргенімен, компаниялар битумды өндірушілерден тікелей сатып алу мүмкін емес екенін, тек делдал арқылы жұмыс істейтіндіктерін мәлімдеді. Тоннасына 250-270 мың теңге деңгейіндегі бағалар айтылса, «Агродор» ЖШС директоры Наталья Мальчушкина оның компаниясына битум сатып алу туралы өтінішке 300 мың теңге/тонна баға ұсынысы түскенін айтты. Сондықтан бұл жерде де делдалдардан тазарту жұмысы керек.
Қазақстандық битумның сапасына келетін болсақ, «Жол активтерінің сапасы орталығы» директорының орынбасары Арман Кәрібеков биылғы жылы 690 сынаманың 30 пайызы белгіленген талаптарға сай келмейтінін растады.
4. Бұл көрсеткіштерге асфальтбетонның қалыңдығын ауыртпалықсыз екі есе азайтуға мүмкіндік беретін қара және түсті металлургиядағы өздігінен цементтейтін шламды қосу арқылы қол жеткізіледі. Мәселе осы технологияларды кеңінен қолдануға көшу және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қалдықтарына қол жеткізуде. Автомобиль жолдары комитеті мен жолшылар қауымдастығы бұл мәседеден хабардар, бірақ олар ТКК-ның баға саясатын басты кедергі деп көреді екен.
P.S.
Бүгін таңертең Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, ол кешегі жұмысты жалғастыра отырып, дүйсенбі күні фракцияда белгіленген нақты тақырыптар бойынша кідіріссіз қайта кездесуді ұсынды. Жұмысты жалғастырамыз.