19 тамыз 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» Демократиялық партиясы Денсаулық сақтау министрлігінің жұмысты қайта бастау үшін бизнеске рұқсат алу керек деген талабы заңсыз деп санайды - фракция төрағасы Азат Перуашев Үкіметке осындай хат жолдады.
ҚР Парламенті Мәжілісі – «Ақ жол» Демократиялық партиясы фракциясы депутаттарының кәсіпкерлермен кездесуі барысында шағын және орта бизнес өкілдерінің тарапынан карантиннен кейін Infokazakhstan.kz сайты арқылы қызметін жаңғыртуға міндетті түрде рұқсат алу керектігіне байланысты сын-шағымдар айтылуда. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі де осы сайтта тіркелмейінше бизнестің ары қарай жұмыс істеуі «заңсыз» болып табылады дегенді нақтылай айтқанын еске саламыз.
Сонымен кәсіпкерлерге тағы бір әкімшілік тосқауыл құрылды, мемлекеттік тіркеуден және салық төлемдері есебінен тыс кәсіпкерлік қызметті іске асыруға рұқсат етудің жаңа қызмет түрі енгізілді. Кәсіпкерлік Кодекстің 106 бабына сәйкес кәсіпкерлік саласында субъектілердің кейбір қызмет түрлеріне немесе іс- қимылдарына рұқсаттар мен хабарламаларды мемлекеттік реттеу ҚР Кәсіпкерлік Кодексі мен Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңына сәйкес жүргізіледі.
ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар» Заңында рұқсат беру мен хабарламалар толық тізімі ескерілген. Осы заңның 2 қосымшасына сәйкес 120 тармағында санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру елдің санитарлық-эпидемиологиялық саласындағы нормативтік құқықтық актімен көрсетіледі. Онда мұндай қорытынды ұзақ мерзімді деп көрсетілген.
Осы тұрғыда карантин аяқталған соң әрбір кәсіпкер қосымша рұқсатсыз өзінің жұмысын жалғастыра алады. Яғни, ТЖ режимі мен карантин енгізілгенге дейін қызметі рұқсат етілген және барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай кәсіпкердің ҚР Кәсіпкерлік кодексі және ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңымен ескерілмеген жаңа рұқсаттарды алуы міндетті емес.
Заңнамалық/нормативтік актілердің иерархиясы бойынша денсаулық сақтау министрінің бұйрығы, тіпті Үкімет қаулысы Заң талаптарынан, оның ішінде Кодекстен жоғары тұрмайды, Кодексте және заң талаптарында ескерілмеген болса оларға тиым салуға немесе жаңа талаптарды енгізуге болмайды.
Мұндай шаралар мен шектеулер Төтенше жағдайлар кезінде енгізілуі мүмкін. Бірақ ТЖ режимі осы жылдың мамыр айында тоқтатылды, яғни, кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін мұндай тосқауылдар кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзу болып табылады.
Кәсіпкерлік Кодекстің 14 бабымен бизнестің адалдық презумпциясы ескерілген, яғни, оның бұзушылығы анықталып және дәлелденгенше кәсіпкер адал деп саналады.
Яғни, жаңа шектеу шараларына (нақты бизнес субъектісіне қатысты болмаса) негіз жоқ, шектеу нақты бизнес субъектісінің санитарлық – эпидемиологиялық заң бұзушылығы анықталған және дәлелденген жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мұндай жоқ болғанда кәсіпкер адал деп саналады және өз қызметін қайта жалғастыру үшін қосымша рұқсат алуға міндетті емес.
Сонымен қатар депутаттар әкімдіктердің эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау жөніндегі бақылау мониторингтік топтарының жұмыс әдісі бойынша күмәндәрін айтты. Мұндай топтар әртүрлі жергілікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық белсенділерден құрылады, бірақ олардың құқықтық мәртебесі Кәсіпкерлік кодекс немесе заңмен реттелмеген. Егер ТЖ кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеулерге жол берілсе, ал ТЖ режимі аяқталғаннан кейін мониторинг топтарының өкілеттігі мен олардың құрылуы заңға сәйкес қаралуын қажет етеді.
Сондай-ақ үндеуде осы мониторингтік топтардың жұмысы көбінесе жазалау шараларын қолданумен жүргізіледі, үлкен айыппұлдар салынып, Кәсіпкерлік кодекспен анықталған тексеру тәртібі бұзылатыны айтылады.
Мысалы, тексерулер ескертулерсіз, СУР белгіленген тексеру кестесіз және оларды тағайындалуын алдын-ала ескертусіз жүргізіледі. Айыппұлдар ҚР ӘҚК 425 бабы бойынша (халықтың санитарлық –эпидемиологиялық, сондай-ақ, гигиеналық талап нормаларының саулығы саласындағы заңнамалық талаптарды бұзғаны үшін) және 462 (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары лауазымды тұлғаларға, олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергілер келтіргенде, қаулылар, тыйым салу ұйғарымдарын және өзге де талаптарды орындамағаны үшін) салынады делінген.
Бірақ та осы баптардың бір де біреуі мониторингтік топтардың құрамындағы әкімдік өкілдері, полиция жасақшылары және қоғамдық белсенділердің құзырына кірмейді.
Сондықтан да осы топтарының жұмысы заңнамалық реттеуді немесе топтарды таратуды қажет етеді. Өйткені, Кодекс бойынша олардың қызмет өкілеттігі заңсыз болып табылады.
Егер олар реттелген жағдайда кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың құқтарының сақталуы, мұндай тексерулерді өткізу негіздемелері мен ережесі, сондай-ақ, олардың қорытындысын дауласу тәртібі жазылуы керек.
Сонымен қатар, Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» №229 Жарлығын ешкім жоймағанын да ескертті.
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы эпидемиялогиялық жазалау шараларының қолданылу теңдігі ҚР заңдарымен белгіленген кәсіпкерлердің қарапайым құқықтарын сақтаумен белгілеу қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
А.Ұ.Маминге
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
ҚР Парламенті Мәжілісі – «Ақ жол» Демократиялық партиясы фракциясы депутаттарының кәсіпкерлермен кездесуі барысында шағын және орта бизнес өкілдерінің тарапынан карантиннен кейін Infokazakhstan.kz сайты арқылы қызметін жаңғыртуға міндетті түрде рұқсат алу керектігіне байланысты сын-шағымдар айтылуда. Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігі де осы сайтта тіркелмейінше бизнестің ары қарай жұмыс істеуі «заңсыз» болып табылады дегенді нақтылай айтты.
ЭЦП көмегі арқылы кәсіпкер осы сайтта тіркеледі, кәсіпорынды ашу ережелерін көшіреді, нысанды СЭС мамандарының келуіне және ашуға әзірлейді. Кәсіпкерлер СЭС толтырған және кәсіпорынды ашуға қажетті мәліметтерден тұратын тапсырысты жүктеуі керек.
Сонымен кәсіпкерлерге тағы бір әкімшілік тосқауыл құрылды, мемлекеттік тіркеуден және салық төлемдері есебінен тыс кәсіпкерлік қызметті іске асыруға рұқсат етудің жаңа қызмет түрі енгізілді.
Сонымен қатар, Кәсіпкерлік Кодекстің 106 бабына сәйкес кәсіпкерлік саласында субъектілердің кейбір қызмет түрлеріне немесе іс- қимылдарына рұқсаттар мен хабарламаларды мемлекеттік реттеу ҚР Кәсіпкерлік Кодексі мен Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заңына сәйкес жүргізіледі.
ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар» Заңында рұқсат беру мен хабарламалар толық тізімі ескерілген. Осы заңның 2 қосымшасына сәйкес 120 тармағында санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру елдің санитарлық-эпидемиологиялық саласындағы нормативтік құқықтық актімен көрсетіледі. Онда мұндай қорытынды ұзақ мерзімді деп көрсетілген.
Осы тұрғыда карантин аяқталған соң әрбір кәсіпкер қосымша рұқсатсыз өзінің жұмысын жалғастыра алады.
Яғни, ТЖ режимі мен карантин енгізілгенге дейін қызметі рұқсат етілген және барлық санитарлық –эпидемиологиялық талаптарға сай кәсіпкердің ҚР Кәсіпкерлік кодексі және ҚР «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңымен ескерілмеген жаңа рұқсаттарды алуы міндетті емес.
Заңнамалық/нормативтік актілердің иерархиясы бойынша денсаулық сақтау министрінің бұйрығы, тіпті Үкімет қаулысы Заң талаптарынан, оның ішінде Кодекстен жоғары тұрмайды, Кодексте және заң талаптарында ескерілмеген болса оларға тиым салуға немесе жаңа талаптарды енгізуге болмайды.
Мұндай шаралар мен шектеулер Төтенше жағдайлар кезінде енгізілуі мүмкін. Бірақ ТЖ режимі осы жылдың мамыр айында тоқтатылды, яғни, кәсіпкерлік қызметті іске асыру үшін мұндай тосқауылдар кәсіпкерлердің заңды құқықтарын бұзу болып табылады
Кәсіпкерлік Кодекстің 14 бабында бизнестің адалдық презумпциясы ескерілген, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу кезінде кәсіпкерлік субъектілер өз міндеттерін орындау немесе заң бойынша берілген құқықтарды іске асыру кезінде олардың іс-қимыл адалдығы алдын-ала ескерілген.
Яғни, жаңа шектеу шараларына (нақты бизнес субъектісіне қатысты болмаса) негіз жоқ, шектеу нақты бизнес субъектісінің санитарлық – эпидемиологиялық заң бұзушылығы анықталған және дәлелденген жағдайда ғана жүргізіледі. Егер мұндай жоқ болғанда кәсіпкер адал деп саналады және өз қызметін қайта жалғастыру үшін қосымша рұқсат алуға міндетті емес.
Сонымен бірге, әкімдіктердің эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау жөніндегі бақылау мониторингтік топтарының жұмысы да сұрақ туғызады. Мұндай топтар әртүрлі жергілікті мемлекеттік органдар мен қоғамдық белсенділерден құрылады, бірақ олардың құқықтық мәртебесі Кәсіпкерлік кодекс немесе заңмен реттелмеген. Егер ТЖ кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеулерге жол берілсе, ал ТЖ режимі аяқталғаннан кейін мониторинг топтарының өкілеттігі мен олардың құрылуы заңға сәйкес қаралуын қажет етеді.
Сонымен бірге, осы мониторингтік топтардың жұмысы көбінесе жазалау шараларын қолданумен жүргізіледі, үлкен айыппұлдар салынып, Кәсіпкерлік кодекспен анықталған тексеру тәртібін бұзады.
Мысалы, тексерулер ескертулерсіз, СУР белгіленген тексеру кестесіз және оларды тағайындалуын алдын-ала ескертусіз жүргізіледі. Айыппұлдар ҚР ӘҚК 425 бабы бойынша (халықтың санитарлық –эпидемиологиялық, сондай-ақ, гигиеналық талап нормаларының саулығы саласындағы заңнамалық талаптарды бұзғаны үшін) және 462 (Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары лауазымды тұлғаларға, олардың қызметтік міндеттерін орындауға кедергілер келтіргенде, қаулылар, тыйым салу ұйғарымдарын және өзге де талаптарды орындамағаны үшін) салынады делінген.
Бірақ та осы баптардың бір де біреуі мониторингтік топтардың құрамындағы әкімдік өкілдері, полиция жасақшылары және қоғамдық белсенділердің құзырына кірмейді.
Сондықтан да осы топтарының жұмысы заңнамалық реттеуді немесе топтарды таратуды қажет етеді. Өйткені, Кодекс бойынша олардың қызмет өкілеттігі заңсыз болып табылады.
Егер олар реттелген жағдайда кәсіпкерлердің құқықтары мен олардың құқтарының сақталуы, мұндай тексерулерді өткізу негіздемелері мен ережесі, сондай-ақ, олардың қорытындысын дауласу тәртібі жазылуы керек.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» №229 Жарлығын ешкім жоймағанын да ескерген жөн.
Карантиндік шара салдарынан бизнес үлкен шығынға ұшырады және карантин жеңілдетілгеннен кейін кәсіпкерлік қызметті жаңарту үшін жаңа рұқсаттардың енгізілуі кәсіпкерлер үшін қиын тосқауылдар туғызады, оның үстіне InfoKazakhstan электрондық сайты тапсырыстарды игере алмауда, ал санитарлық нормаларға болмашы сәйкессіздіктер, дұрыс киілмеген маска үшін айыппұлдар салынуда, оның мөлшері кәсібі әлсіреген бизнеске ауыр тиюуі мүмкін.
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы, жоғарыда айтылғандарды Сізге жеткізе отырып, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы эпидемиялогиялық жазалау шараларының қолданылу теңдігі ҚР заңдарымен белгіленген кәсіпкерлердің қарапайым құқықтарын сақтаумен белгілеу қажет деп санаймыз.
Құрметпен,
Партия төрағасы,
Мәжіліс депутаты
А. Перуашев