15
Сәуір

«Ақ жол» депсауалынан кейін Ауылшаруашылық министрлігінің субсидиялау ережелерін ауыл кәсіпкерлерінің пікірін ескере отырып, қайта қарайды

15 сәуір 2022 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрлігінің субсидиялау туралы ережесі Салық кодексіне сәйкестендірілетін болады - "Ақ жол" фракциясының депутаттық сауалына жауап алынды.

Айта кетейік, биылғы жылы наурыз айында "Ақ жол" фракциясы кәсіпкерлердің өтініштері бойынша Үкіметке қолданыстағы НҚА-дағы коллизия мәселесі бойынша жүгінген болатын.

Фермерлердің айтуынша, электрондық шот-фактураларда түзетулер анықталған кезде олар алынған субсидияларды қайтаруға мәжбүр болады. Бұл ретте, әңгіме бөлінген субсидиялар бойынша электрондық шот-фактураларға тіпті субсидия алушының өзі емес, жеткізушілер тарапынан түзетулер енгізудің болуында.

Осылайша, Ауыл шаруашылығы министрлігінің (2020 жылдың 30 наурызындағы № 107) қағидаларына сәйкес субсидиялар алу үшін пайдаланылған электрондық шот-фактураларды кері қайтарып алуға, жоюға және түзетуге жол берілмейді.

Бірақ тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушіні және/немесе сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын, түзетілген ЭШФ Салық кодексінің 417-бабында көзделген.

Салық кодексі ауыл шаруашылығы министрлігінің ережелерінен жоғары болғанына қарамастан және әртүрлі деңгейдегі НҚА-да қайшылықтар болған кезде жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады, ауыл шаруашылығы басқармасы орындарында ауыл шаруашылығы министрлігінің ережелері сақталады.

Осы қақтығыстың салдарынан ауылшаруашылық тауар өндірушілері субсидияларды қайтаруға мәжбүр болды.

2019-2020 ж.ж. кезеңде субсидияларды қайтарудан бас тартқан кәсіпкерлер сот дауларына тап болып отыр - мұндай жағдай Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында орын алды.

Кеше вице-премьер Р. Склярдың қолы қойылған жауапта Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы АӨК мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде тауар сатушыны және (немесе) субсидия алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын, жазып берілген электрондық шот-фактураларды, сондай-ақ субсидиялар сомалары мен тауар көлемдерін (тұқымдар, тыңайтқыштар, пестицидтер) түзету мүмкіндігі пысықталуда деп хабарланды.

"Субсидиялау жүйесінде ЭШФ түзеткен кезде ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкеріне ЭШФ-мен жүргізілген операциялар туралы автоматты түрде хабарлама түсетін болады. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті берушіге түзетілген ЭШФ деректерін тексеру мүмкіндігі беріледі және бұзушылықтар анықталған жағдайда субсидиялар бюджетке қайтарылады. Жұмыс тобының аталған мәселені қарау қорытындысы бойынша нормативтік құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізуге бастама жасалатын болады", - делінген хатта.

"Ақ жол" партиясы мен оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламаны іске асыру және кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.