04
Шілде

«Ақ жол» депутаты Айгүл Жұмабаева Көкшетауда мәдениет қызметкерлерімен жүздесті

4 маусым 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалы

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Жұмабаева Көкшетау қаласының "Әдебиет және өнер мұражайы" ұжымымен кездесті. Кездесу барысында депутат мұражайды аралап, кейін қызметкерлердің көкейінде жүрген сұрақтарын тыңдады.


"Әдебиет және өнер мұражайы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 20 қаңтардағы № 14 өкімімен құрылған еді. Мұнда Ақмола өңірінің ғана емес, елге танымал өнер адамдары жайлы ақпараттар мен жәдігерлер жинақталған. Мұнда көне заманның бұйымдары да бар.

Мұражай директоры Н.Нұралы мен қызметкер Г.Сәбитова мұражай тарихы туралы көптеген қызықты мағлұматтар беріп, атақты тұлғалардын жеке заттары, қолжазбалары мен құжаттары бар экспонаттармен таныстырды.

Елімізде мұндай 2 музей бар. Көптеген мәселелерді мұражайға республикалық мәртебе беру арқылы шешуге болады, - дейді қызметкелер.

Сондай-ақ мұражайға елден тыс жерлерде танымал суретшілер мен суретшілерге арналған экспозициялар және жергілікті суретшілер үшін галереяның қажет екені де айтылды.

Сонымен қатар, музей қызметкерлерінің еңбекақысының төмендігі, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету мәселелері көтерілді.