01
Маусым

«Ақ жол» депутаты Азамат Әбілдаев Шымкент қаласындағы «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС ұжымымен кездесті

1 маусым 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы  

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаты Азамат Әбілдаев Шымкент қаласындағы «Хлопкопром-Целлюлоза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен республикалық референдумға байланысты кездесу өткізді. Кездесуге серіктестіктің қызметкерлері мен жұмысшылары қатысты.


«Мен сіздермен етене жақын сөйлесіп, 5 маусымда өтетін референдум мәселесін пікірлесуге келдім», – деп бастаған Азамат Рахатұлы, кездесу барысында жалпы халықтық референдумға шығарылатын бірқатар өзгерістерді ортаға салды. Онда:

- Елбасы және Тұңғыш Президент мәртебесі жаңа редакцияда толық алынып тасталатынын;

- облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін бұрынғыша мәслихат депуттаттарының келісімімен Президент тағайындайтынын айтты. Өзгеретін тұсы Президент дауыс беруге кемінде екі кандидатура ұсынады. Мәслихат депутаттарының көп дауысын алған кандидат тағайындалады;

- Конституцияның 6-бабындағы «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады» деген тұсы енді «мемлекет меншігінде» емес, «халыққа тиесілі, халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады» деген өзгерістер енгізілетіні жөнінде айта отырып, алдағы саяси өзгерістерден шет қалмай, дауыс беруге шақырды.

Сондай-ақ, депутат жұмысшылардың зейнеткерлік жасты төмендету және кредитке амнистия жасау туралы қойылған сұрақтарына да жауап берді.