20 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясы Ақтөбе
облыстық филиалы
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Дәния Еспаева «Глобал» ЖШС ұжымымен кездесіп, Конституцияға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулардың негізгілерін түсіндіріп өтті. Жиынға алпыстан аса жұмысшы қатысып, референдумның маңыздылығы мен қажеттілгі туралы түсінік алды.
Өз кезегінде депутат Дәния Еспаева, ұсынылған түзетулер
қолданыстағы саяси модельді жүйелі түрде трансформациялауға, билік
тармақтарының өзара қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімін қалыптастыруға,
сондай-ақ мемлекет пен қоғамның тиімді диалогын құруға бағытталғанын атап өтті.
Сондай-ақ, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейту және
Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес халықтың елді басқаруға қатысуын
кеңейту мәселелеріне тоқталды.
Кездесу соңында, жиынға қатысушылар референдумды қолдайтынын және
бірауыздан дауыс беруге баратындарын жеткізді.