03
Шілде

«Ақ жол» депутаты Ержан Бейсенбаев Солтүстік Қазақстан облысының еңбек ұжымдарымен кездесті

3 шілде 2023 жыл, «Ақ жол» дкмократиялық партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Бейсенбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Тазалау, су бұру және су өткізу құрылыстары» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесу өткізді. 

Кездесуге «Ақ жол» ҚДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы мен «Ақ жол» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатындағы фракция төрағасы Евгений Кинцель де қатысты.


ҚР Парламенті бекітетін Экологиялық кодекске қатысты мәселелер қаралды, атап айтқанда, онда тазарту құрылыстарында су ағынының көрсеткіштерін беретін жабдық болуы тиіс деген тармақ бар. Бұл жабдықтың құны жоғары болуымен қатар, оның көрсеткіштерінің еш өзектілігі жоқ, демек жабдықтың да қажеті шамалы. 

Бұл бапты кодекстен алып тастау немесе ондағы судағы зиянды заттардың бар-жоғын қадағалайтын жабдықты ауыстыру туралы ұсыныс түсті. Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекстің кейбір нормалары талқыланды. 

Сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлері емдеу мекемесіне маман дәрігерге жүгінген кезде неліктен міндетті түрде терапевтке бару керектігін сұрап, көліктің алдыңғы есіктеріндегі терезелерді көлегейлеу мәселесін қозғады.

Мұнан соң депутат  Ержан Бейсенбаев «CT Assembly» ЖШС (Claas комбайндарын өндіруші) және «Петропавл электротехникалық зауыты» ЖШС ұжымдарымен кездесті.

Жиында Петропавлдық кәсіпорындардың өзекті мәселелері талқыланып, жұмысшылар инфляцияны тежеуге және бағаны мемлекеттік реттеуге қатысты сұрақтар қойды. Саланы одан әрі қолдауға қатысты ұсыныстар айтылды.