30 қыркүйек 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
Бейнеу ауданы, Сарға ауылының жастарының бастамасымен «Сарға барысы» өтті.
Жарыстың мақсаты ауыл жастарын қолдау, елдің бірлігін арттыру, жастарды
спортқа баулу, тұрғындарға қуаныш сыйлау.
- “ Өткен жылы ауылымыздың 50 жылдық мерейтойы аясында осы «Сарға барысы»
жарысы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ауыл халқы бір марқайып қалған еді. Сол
бастаманы биылда қолға алдық. Мақсатымыз бұл жарысты дәстүрге айналдырып, жыл
сайын өткізу”, - дейді Райымбек Түзелов



