02
Маусым

«Ақ жол» депутаты Серік Ерубаев Атырау облысындағы «Рауан Налко» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті

2 маусым 2022 жыл, «Ақ жол» демократия партиясының баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау облысындағы «Рауан Налко» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесті.


Кездесуде халық қалаулысы онда депутаттар Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша алдағы референдум туралы егжей-тегжейлі айтып берді және тұрғындардың өтініші бойынша негізгі заңға енгізілген әрбір түзетуге тоқталып өтті.

- Халық батыл реформалардың жүзеге асуына аралауы керек деп санаймын. Сонда біз атқарушы билік пен халықтың​ өзара үйлесімді​ жұмысының жемісін көреміз. Ал 5 маусымда өтетін референдум осының бастамасы болмақ.  Суперпрезиденттік модельден көшу және бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін Конституцияға еңгілетін өзгерістерді сіздер өздеріңіз дауыс беріп таңдайсыздар, - деді Серік Сәрсенұлы.

Жиын барысында жұмысшылардың көкейінде жүрген салмақты сұрақтар да назардан тыс қалмады. Соның ішінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясы, әкімдерді сайлау барысы, Президент өкілеттігі туралы нақты қадамдар жөнінде тұшымда жауаптар алынды.

Кездесу соңында кәсіпорын басшысы Бауыржан Әжіғалиев референдум барысын түсіндіру үшін арнайы келген депутат Серік Ерубаевқа ұжым атынан алғысын білдірді.