18 мамыр 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы
ҚР Парламенті Мәжіліснің депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Серік
Ерубаев С.Мұқашов атындағы политехникалық колледжіне барды.
Халық қалаулысы ұжымға 5 маусымда өтетін референдумның қарауына шығарылатын
конституциялық реформалар жобасымен таныстырды. Ол саяси жүйедегі күтілетін
өзгерістер, мәслихат және Парламент сайлауына қатысты өзгерістер туралы
егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесуге қатысушылар зейнет жасын
төмендету мүмкіндігі, мемлекеттік тілдің тұғырын заң тұрғысында көтеру,
халықтың шынайы тұрмысы мен жағдайы, баға саясаты, Қазақстан халқы
Ассамблеясының мәртебесін қайта қарау туралы ұсыныс, пікірлерін ортаға салды.
Талқылау қызықты болды.
- «Осы сапар аясында бірнеше кездесуде болып, атыраулықтардың референдум
мен Ата Заңға енгізілгелі отырған өзгерістерді қолдайтындарына куә болдым.
Алдағы уақытта халық батыл реформалардың жүзеге асуына сенім білідріп, үлкен
үміт күтеді. Ендеше, біздің, халық қалаулыларының міндеті – сол сенімнен шығу.
Атқарушы билік пен халықтың өзара үйлесімді жұмысының жемісі болады. Көп
кешікпей қарапайым халық мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына өз үлесін
қосып, тиімді заң жобаларын қабылдауға атсалыса алады деп ойлаймыз - деді Серік
Сәрсенұлы.
Мұнан соң «Ақ жол» партиясының 20 жылдық мерейтойы аясында партия
жұмысына белсенді араласып, жан-жақты дамуына септігін тигізген бір топ
ардагерлер мен азаматтар арнайы мерекелік медальмен марапатталды.