8 шілде 2022 жыл, «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық
филиалы
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» фракциясының мүшесі Серік Ерубаев Атырау
облысына сапары барысында Мақат ауданына барды.
Сапар аясында халық қалаулысы аудан ардагерлерімен кездесті. Жиынға Мақат аудан
әкімі Ринат Ибрагимов, қалалық мәслихат депутаттары мен филиал қызметкерлері
және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде аудан ардагерлердің ұсыныс-пікірлері
тыңдалды.
Жиын соңында депутат Серік Ерубаев партияның дамуына қосқан өлшеусіз үлесі
үшін ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халеновке «Ақ жол» партиясының
құрылғанына 20 жыл толуы құрметіне шығарылған мерекелік төсбелгісімен
марапаттады.
Одан әрі мәжілісімен «Интергаз Орталық Азия» АҚ Мақат аудандық желілік
басқармасында жұмысшылармен кездесті. Жиында аудандағы негізгі проблемалар мен
мекемедегі қажеттіліктер сөз болды.
Сондай-ақ, кездесу легі кәріз суын тазарту мен сүзгілеу ғимаратында жалғасты.
Депутат нысанды аралау кезінде аудандағы бірқатар мекемелер мен ғимараттардың
ішкі жұмысымен танысты.
Мұнан соң, «Доссормұнайгаз» мұнай-газ басқармасында да болды. Жүздесуге жиналғандар
зейнет жасын азайтуға байланысты ой-пікірін ортаға салды. Бұдан бөлек, Доссор
мен Мақатқа перон салу мәселесі де көтерілді.
Келесі күні Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев Ақсай ауылдық округі тұрғындарымен кездесті. Мәдениет үйінде өткен жиынға өңірдегі филиал өкілдерімен ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында «Ақсай-2» елді мекеніндегі мектеп
пен балабақша жетіспейтіндігі, мал бас санының азаюы, интернет желісі мен ауыл
көшелеріндегі жарық шамының жоқтығы сөз болды.