12
Шілде

«Ақ жол» депутаты Серік Ерубаев Құрманғазы ауданына барды

13 шілде, 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы   

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев Құрманғазы ауданына іс-сапары барысында «Атырау Жарық» АҚ Құрманғазы аудандық электр желісінің ұжымымен  және де аудан тұрғындармен кездесті.         Кездесуде, елдегі қымбатшылық, теміржол қатынасының проблемалары сөз болды. Оған қоса жол құрылысының жазғы уақыттағы жұмысын жеделдету, уақыттан бұрын аяқтау мәселелері де көтерілді.


Сонымен қатар депутат Құрманғазы аудандық аурухана ұжымына барып, көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Жүздесу кезінде бірқатар медицина қызметкерлеріне «Covid19 Жанқиярлық күресі үшін» төсбелгісін тағып, алғыс хаттарын табыстады.