29
қараша 2024 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
Маңғыстауда «Жомарт жан» сыйлығының лауреаттарын
марапаттау рәсімі өтті.
Шараға Маңғыстау облысы әкімі аппараты
басшысының орынбасары Әнуар Бимағанбет, өңірдегі саяси партия өкілдері, барлық
деңгейдегі мәслихат депутаттары, әр түрлі этнос бірлестіктердің басшылары мен
қала тұрғындары қатысты.
Жиында қайырымдылық қызметтерімен көпке
үлгі болған ел жанашырларына «Жыл тұлғасы», «Жылдың Үздік Қамқоршысы», «Туған
өлке», «Жыл меценаты», «Жылдың үздік ұйымы» номинациялары табысталды.
Аталған шарада меценаттық және қайырымдылық қызметтері үшін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның «Қайырымдылық үшін» төсбелгісімен «КерімМұнайСервис» ЖШС-нің басшысы, “Ақ жолдың” Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты Агисов Жалғас Алиұлы марапатталды.