17 қыркүйек 2023 жыл, "Ақ жол" демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа райының қолайсыздығы мен жайсыз жағдайларға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажетті көмек көрсетуді тапсырды. https://t.me/aqorda_resmi/11590
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 6 қыркүйегінде “Ақ жол” депутаттары ҚР Ауылшарушашылық министрі А.Сапаровқа депутаттық сауал жолдап, дәстүрлі мал және егін шаруашылығымен айналысып отырған Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Атырау, Ақмола, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында өкінішке орай биылғы қуаңшылыққа байланысты жұт басталып келе жатқанын айтып, мал шаруашылығының жанайқайын жеткізген еді.
Депутаттық сауалда, шаруалардың кепілі де, қаражаты да жоқ, мемлекет тарапынан қолдау болмаса, қиыншылықтан фермерлердің өздері шығуы екіталай екені және осы жағдайда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық қолдау көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылдансын деген талаптары айтылған. (6 қыркүйектегі депутаттық сауал https://akzhol.kz/kk/initiated-bills/a-zhol-mal-sharuashln-zhanajaj )
«Ақ жол» фракциясы партияның Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және сайлаушылардың аманаттарын орындау бойынша жұмысты жалғастыра береді.