11
Қыркүйек

«Ақ жол» депутаттары Үкімет пен Ұлттық банкты қауқарсыз борышкерлермен әуре-сарсаңдығы үшін сынға алды

11 қыркүйек 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

ҚР Мәжіліс депутаты Дания Еспаева төменгі палатаның пленарлық отырысында несиелік амнистиядан кейін де борышкерлер санының қайта көбею қаупі бар екенін айтты.

Оның сөзінше, мемлекет қиын жағдайға ұшыраған азаматтарға қажетті көмек көрсетуге міндетті. Мемлекет басшысының Үкімет пен Ұлттық банкке берген халықтың әлеуеті төмен азаматтарының несиесін есептен шығару туралы тапсырмасы да осының айғағы болып отыр.

«Алайда бұл акцияның бір реттік екендігін ескерсек, несие төлемегендердің саны қайтадан өспейтініне, акцияны қайтадан өткізбеске шара болмайтынына кім кепіл болады?! 

Бұдан бұрын ешбір елде қарызды мұнай көлемде кешіру фактісі болмаған-тын. Оларда төлемге қабілетсіз борышкерлердің мәселесі арнайы банкроттық туралы заң шеңберінде шешіледі» - деді Еспаева өз сөзінде.

Жеке тұлғаларды банкроттау туралы заң көрші Ресейде ғана емес, дамыған АҚШ, Германия елдерінде бар.

Айта кету керек, «Ақ жол» партиясы 2014 жылдан бері жеке тұлғаларды банкроттауға байланысты заңға өзгерістерін ұсынып келеді. Тіпті 2015 жылы «Жеке тұлғаларды банкроттау жөнінде» жеке заң жобасы Үкіметтің ведомствоаралық комиссиясына таныстырылған. Бірақ аталмыш жобалардың бірі де қолдау тапқан жоқ.

Қаралып жатқан мәселе бизнесмендер не шенеуніктер туралы емес, көбінде тұрақты жұмысы жоқ қараша халық жайлы болғандықтан, олардың болашақта несие алатыны сөзсіз.

Осыған байланысты «Ақ жол» партиясы үкіметтен жеке тұлғаларды банкроттау жөніндегі заң жобасын қайта қарауды сұрауы орынды. Олай болмаған жағдайда партия 2015 жылғы заң жобасын қайта көтеріп, ұсынатынын жеткізді.