9 қыркүйек 2020 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» депутаттары шілде айындағы қашықтан оқыту проблемалары мен Дүниежүзілік банктің 67 млн доллар несиесін пайдалану туралы үндеуіне Білім және ғылым министрлігінің үнсіз қалғанына наразы.Фракцияның тиісті парламенттік сұранысын бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Дания Еспаева жариялады (депутаттық сауал мәтіні төменде келтірілген).
Қазақстан Республикасы
Премьер - Министрі
А.Ұ. Маминге
Республикалық бюджеттің
орындалуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің төрайымы
Н.Н. Годуноваға
Құрметті Асқар Ұзақпайұлы!
Құрметті Наталья Николаевна!
«Ақ жол» Демократиялық партиясының депутаттық фракциясы білім беру жүйесіндегі цифрландырудың қанағаттанарлықсыз жағдайына, көптеген мектептерде тұрақты интернеттің жоқтығына, цифрлық білім беру жобаларын іске асырудағы сәтсіздіктерге Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметтің назарын бірнеше рет аударды.
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы кемшіліктер коронавирусқа байланысты төтенше жағдайлар кезеңінде ерекше ауыр болды, қашықтан оқытуға көшу кезінде бүкіл ел бойынша мыңдаған балалар сабақсыз қалды. Сонда кенеттен біздің мыңдаған ауылдар мен елді мекендерде интернеттің жоқтығы, мектептердің техникалық жабдықталмауы, шатырлар мен ағаштарға ата-аналар мен мұғалімдердің масқаралықпен өрмелеуі туралы біздің бұрынғы хабарларымыздың бәрі шындық, ал шенеуніктердің оларды жоққа шығарған жауаптары өтірік болып шықты.
Білім министрі А.Аймағамбетовтің алдағы оқу жылына арналған қашықтан оқыту проблемаларын жою туралы жазда берген уәдесіне қарамастан, аймақтарға сапарларының нәтижелері бойынша «Ақ жол» партиясының депутаттары министрге тағы да ресми үндеу жолдап, (сілтеме No21, 29.07.2020 ж.) жағдайды түзетуге негізделген күмәндар туралы мәлімдеді.
Еліміздің әр түкпіріндегі сайлаушылармен кездесулерде біз бірнеше рет көпбалалы отбасылардың бір смартфонды қолданып, сабақ оқитындығына қатысты ата-аналарының шағымдарын тыңдауға мәжбүр болдық. Бірақ, онда әйтеуір, сымсыз интернет бар. Көптеген жерлерде тұрақты Интернет жоқ. Сондай-ақ, тамызда Алматыдан 24 шақырым жерде орналасқан Қаскелең қаласының ата-аналары мен мектеп оқушылары тұрақты интернеттің жоқтығын мәлімдеді. Одан да шалғай аудандар туралы не айта аламыз?
Өздеріңіз білетіндей, біздің қорқынышымыз оқудың алғашқы күндерінде-ақ расталды. Барлық әлеуметтік желілер мен ресми арналар осы хабарламаларға толы.
Бірақ мемлекет бөлген қаражат қайда кетті, бюджет және барлық салық төлеушілер не төлейді? Бұл риторикадан алыс, бірақ біз фракцияның Білім және ғылым министріне ағымдағы жылдың 29 шілдесінде жазған хатында қойған нақты сұрақтар.
2016 жылдан бастап білім беру жүйесіне республикалық бюджеттен 27,2 млрд.теңге сомасында трансферттер жіберілді, оның ішінде:
- 6 152 мектепке 26317 мультимедиялық жабдықтар жиынтығын сатып алуға 12 миллиард теңге;
- 7160 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге 16,5 млрд.теңге;
- 7,160 мектепті цифрлық білім беру ресурстарына қосуға 4,4 млрд жіберілді.
2017 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Орта білім беруді модернизациялау» жобасын қаржыландыру үшін Дүниежүзілік Банктен 67 млн АҚШ доллары көлемінде несие алды.
Жобаның мақсаты - ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын бір деңгейге келтіру, оның аясында 5000 мектепті мультимедиялық жабдықтармен жабдықтау туралы шешім қабылданды. Барлық ауылдық мектептер компьютерлермен және кеңсе техникаларымен жабдықталады деп жоспарланған. Ең бастысы, Интернет жылдамдығы төмен барлық мектептер үшін тұрақты сымсыз байланысты қамтамасыз ететін жабдықтармен қамту жоспарланған болатын.
Алайда, мәселенің жоғары өзектілігіне қарамастан, қолда бар ақпаратқа сәйкес, жоба жоспарларының бірде-біріне әлі конкурс жарияланбаған, тіпті (жобаның үшінші жылында) ауыл мектептерін интернетпен қамтамасыз ету үшін компьютерлер мен жабдықтар сатып алу бойынша техникалық сипаттамалар әзірленбеген.
Сонымен қатар, үш жыл бойы Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі мектептерді ақпараттандыру және сымсыз интернетпен қамтамасыз етпегені үшін бюджеттен 160 мың АҚШ доллары көлемінде несие резерві үшін комиссия төлейді.
Бірақ, мұнымен де біткен жоқ, осы жылдың шілде айында Білім және ғылым министрлігі Үкіметтен мектептерді оқу процесін цифрландыруға арналған жабдықтармен жабдықтау, сымсыз интернет желісі арқылы сабақтарды онлайн режимінде өткізу үшін тағы 74,2 млрд.теңге қаражат сұрады.
29 шілдедегі жоғарыдағы хатта біз министр А.Аймағамбетовтен келесі сұрақтарға жауап беруін сұрадық:
1. Халықаралық банктен несиеге алған 67 млн АҚШ доллардың пайдаланылмауы немен байланысты, БҒМ жауапты тұлғалары ішінде қарыз алуға бастамашы кім, пайдаланылмаған қарыздың тұрақсыздық айыбын (бүгінгі уақытқа 300 мың АҚШ доллардан астам) қандай қаражат есебінен төленуде, мектептерді модернизациялау жобасы орындамағаны үшін кім және қандай жазаға тартылған?
2. Жергілікті білім беру басқармаларына мектептерді ақпаратандыруға 2016 жылдан бері бөлінген (27,2 млрд.тг) қаражат қалай игерілді, олардың тиімді пайдаланылуы тексерілді ме?
3. БҒМ қол жеткізген нәтижелерді қалай бағалайды, егер ойдағыдай бағаласа, қашықтан оқытудағы сәтсіздіктер мен өзге де кемшіліктерге кім жауап береді?
Заң бойынша мемлекеттік органдарға шағымдарға жауап беру үшін 1 ай мерзімі белгіленген. Бірақ бүгінгі күнге дейін жауап берілген жоқ.
Осыларға байланысты, Асқар Ұзақпайұлы, Сізден Білім және ғылым министрін:
1. «Ақ жол» депутаттық фракциясының а.ж 29 шілдесіндегі сұрақтарына жауап беруге міндеттеуді;
2. Депутаттарға сұратылған ақпаратты беруден жалтарған БҒМ лауазымды тұлғаларын жауапкершілікке тартуды;
3. ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетіне білім беру саласын цифрландыру мен қашықтан оқыту үшін бөлінген қаражаттың жұмсалуын тексеруді, оның ішінде Дүниежүзілік банкінен алған сыртқы қарыз қаражатының жұмсалмау себептерін анықтауды сұраймын.
Сондай-ақ, Наталья Николаевна, Сізден бюджеттік қаражаттардың тиімді жұмсалуына және осындай негізде, мемлекет тарапынан қатыстырылған қаражаттардың жұмсалуын тексеруді сұраймын.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары