20 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалының кеңес мүшелері, филиал төрағасының
орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, партия атынан Жамбыл облыстық мәслихатына
бір мандаттық жүйемен сайланған депутат Дәурен Ахметжаев, филиал заңгері Жеңіс
Сариевтің Байзақ ауданы Көктал ауылдық округінде өткізген көшпелі қоғамдық
қабылдаудың нәтижесінде 5 бірдей ауыл тұрғыны партия қатарына өтуге өтініш
білдірді.
Партия бағдарламасымен танысып, атқарып жатқан жұмыстары туралы
естіп-білген соң, 5 адам бірден «Ақ жол» ҚДП қатарына өтуге өтініш жазды.
Партия филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, ақжолдық
депутат Дәурен Ахметжаев азаматтарға партиялық билеттерін табыс етіп, алдағы
уақытта ел және қоғам игілігі үшін бірлесе белсенді жұмыс істеуге шақырды.

