11 ақпан 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасында туристік саланы дамыту жөніндегі
өңірлік бағдарламаны талқылау бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және
бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өтті. Кездесуге “Ақ жол” ҚДП облыстық филиалының
өкілі, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Дмитрий Корепанов қатысты.
Өңірдің туристік қоғамдастығы осы саланы
дамыту жөнінде өз ұсыныстарын енгізді. Экология, автомобиль жолдары, ТЖ,
мәдениет, персоналды оқыту саласындағы кәсіпкерлер айтқан мәселелерді шешу
бойынша Мемлекеттік органдардың басшыларынан жауаптар естілді.