6 наурыз 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
Музей қызметкерлерімен бірлесіп, партиялықтар өңіріміздің тарихы мен
әдебиетін насихаттау бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізуде.
Жылдар бойы Б.Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі Павлодар Ертіс
өңірінің ақындары мен жазушылары, оның ішінде “Алаш” қоғамдық-саяси
қозғалысының белсенділері туралы көптеген материалдар жинады.
Музей қорында қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы-драматург Жүсіпбек
Аймауытовтың, қазақ жазушысы және драматургі Зеин Шашкиннің, “Алаш” ұлт-азаттық
қозғалысы кезеңінің көрнекті қайраткері Қошке Кемеңгерұлы және тағы басқалардың
жеке заттары-бірегей экспонаттар бар.
Жақын арада “Алаш” қоғамдық-саяси қозғалысы көшбасшыларының бай мұрасын
насихаттауға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шаралар жоспарланған.