16 қазан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы
шеңберінде білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығында кездесу
ұйымдастырды.
Кездесуге «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары
Сейсекүл Әбдісаттарова, партиядан сайланған Тараз қалалық мәслихатының депутаты
Руслан Мырқалықов, филиалдың Жастар қанатының көшбасшысы Қадыржан Есенов,
әдістемелік орталықтың қызметкерлері қатысты.
Жиынды облыстық әдістемелік орталықтың басшысы Шахризада Үсерова ашып,
кездесуге ұйытқы болған партия өкілдерін таныстырып өтті.
Жас ұрпақ тәрбиесі мәселесі кеңінен қозғалған жиында Сейсекүл Дүйсебайқызы
«Ақ жол» Демпартиясының дарынды жастарды қолдау бағытында жүзеге асырып жатқан
жобаларына, жас зерттеушілердің шығармашылығын дамытуды көздеген игі істеріне
тоқталды. Партияның саяси бағдарламасындағы басым бағыттарды кеңінен
түсіндірді.
Өз кезегінде ақжолдық депутат Руслан Мырқалықов партияның Парламент
Мәжілісіндегі, жергілікті мәслихаттарда алып отырған айқын үлесі туралы атап
өтті.
Қадыржан Есенов жыл сайын партия бастамасымен «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық
дәстүрлі байқауы өтетінін айтып өтті.
