11
Тамыз

“Ақ жол” ҚДП Жамбыл облыстық филиалы “Таза Қазақстан” экологиялық акциясын ұйымдастырды

11 тамыз 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

“Ақ жол” ҚДП Жамбыл облыстық филиалы “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы Комратов көшесі мен Зербұлақ көлінің аралағындағы аумақты қоқыстардан тазартып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

“Ақ жол” ҚДП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сейсекүл Әбдісаттарова, Тараз қалалық мәслихатының “Ақ жол” партиясынан сайланған депутаты Руслан Мырқалықов, филиалдың Жастар кеңесінің төрағасы Қадыржан Есенов бастаған акция қатысушылары көше бойындағы қураған шөптерді шауып тазалап, сыпырып, үйілген қоқыстарды шығарды.

Комратов көшесінің бойына ары-бері өткен жүргіншілер бей-берекет қоқыс тастап, алты айдан астам уақытта шағын алаң үйіндіге айналған. Ақжолдық депутат Руслан Мырқалықов Тараз қаласы Жібек жолы ауданының №1 округінің бас инспекторы Мақсат Рахымбекұлына хабарласып, қоқыс шығаратын жүк көлігін жіберіп, қоқыс үйіндісін шығартуды сұрады. Бұл мәселе алдағы күндерді қоғамдық жұмысшылардың күшімен реттелетін болады.

Көшенің белсенді тұрғындары тұрмыстық қатты қалдықтарды шығартуға ықпал етіп, осы аймаққа тазалық жұмыстарын жүргізген ақжолдықтарға ризашылықтарын жеткізді.