25 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде өткен “Алаш идеясы - ел мұраты”
атты кездесуге “Құқықтану” факультетінің студенттері қатысты.
Кездесуде Сейсекүл Дүйсебайқызы
Президент Жолдауынан туындаған реформаларға қатысты “Ақ жол” партиясының
ұстанымына тоқталды. Алаш идеясын жалғастырушы партияның ұлт мұрасын жаңғырту
жолындағы бастамаларын атап өтті.
Соның бірі - «ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық дәстүрлі байқауы
екенін баса айтты.
“Байқаудың басты мақсаты – Алаш қозғалысының саяси тәжірибесін,
экономикалық ұстанымын және рухани
мұрасын қазіргі Қазақстан қоғамын жаңғырту контексінде зерделеу мен насихаттау.
Байқауға қатысу үшін Алаш қозғалысын зерттеумен айналысып жүрген 18-35 жас
аралығындағы Қазақстан және шетел азаматтары өздерінің жеке жұмыстарын (эссе,
мақала) ұсына алады. Алаш идеясы – ел мұраты
«ХХI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» Жалпыұлттық дәстүрлі байқауы - жас
зерттеушілерге жол ашқан бірегей жоба. “Ақ жол” партиясы жастарға қолдау
көрсетумен қатар, ұлт руханиятына тың дүниелер қосып отыр”, - дей келе Сейсекүл
Әбдісаттарова жастарды байқауға қатысуға шақырды. Байқаудың талаптарымен
таныстырды.
