15 қыркүйек 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
15 қыркүйек – Халықаралық демократия
күніне орай «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы Жастар кеңесінің
ұйымдастыруымен тараздық жастар арасында «Ашық пікір» алаңы ұйымдастырылды.
Ашық диалог алаңында студенттер еркін пікір білдіріп, ойларымен бөлісті.
«Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы Жастар кеңесінің төрағасы Қадыржан Есенов
заңмен қорғалатын, сұранысы мен талабын қанағаттандыратын адам құқығы – ең
жоғары демократиялық құндылықтар саналатынын айта келе, жастарды елдің
қоғамдық-саяси өмірінде белсенді болуға шақырды.
Сондай-ақ Жастар кеңесінің төрағасы Президент Жолдауынан туындайтын жаңа
реформаларға қатысты «Ақ жол» партиясының оң ұстанымда екенін жеткізді. Жастар
да Жолдау жаңалықтарын белсенді түрде талқылады. Әсіресе, бір палаталы
Парламент жүйесіне деген қызығушылықтары көп екенін аңғартты.
