26 қараша 2025 жыл, «Ақ жол»
демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» демпартиясы фракциясының кешегі отырысында екінші оқылымда Құрылыс
кодексінің жобасына қарсы дауыс беру туралы шешім қабылданды (Мәжілістің
бүгінгі жалпы отырысына шығарылды).
Себеп - Кәсіпкерлік кодексіне қолданыстағы барлық тексерулерге қосымша
бизнесті тексерудің жаңа түрін енгізуге қатысты түзетуге байланысты.
Жұмыс тобы мен комитет Президенттің биылғы Жолдаудағы бизнесті бақылаудың
барлық түрлерін Кәсіпкерлік кодексіне сәйкестендіру қажеттілігі туралы тікелей
тапсырмасына қайшы түрде осындай шешім қабылдап отыр.
Құрылыс кодексінде қабылданған шешім Президенттің Жолдауына тікелей қайшы
келіп қана қоймай, сонымен қатар, техникалық қадағалаумен, авторлық
қадағалаумен және Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге құрылысты қадағалауға,
соның ішінде ғимараттарды пайдалануға берілуін қабылдауға қатысуға қажетті
құзыретке ие МСҚБ тарапынан өкілеттігін асыра пайдалану мен бопсалауға жағдай
жасайды деп санаймыз.

Партияның орталық офисінде өткен фракция отырысынан кейін, партия төрағасы
Азат Перуашевпен, депутаттар Ерлан Барлыбаев және Олжас Нұралдиновпен бірге
бірқатар мазмұнды кездесулер өткізіп, бірнеше кәсіпкерді қабылдады. Мәселен,
Степногорск қаласындағы «Biotron Group» ЖШС басшылығы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің Ветеренария комитеті жүргізетін мемлекеттік сатып алулардың
негізсіз шарттарына шағымданды. Аталмыш өндірушілер шенеуніктер отандық
өнімдердің сапасы жоғары болғанына қарамастан, қазақстандық өнімдерге зиян
келтіре отырып, импорттық препараттарға лобби жасауға жағдай жасап жатыр деп
санайды.

Алматылық кәсіпкерлер мен заңгерлер тобы ешқандай нақты заң бұзушылықтарсыз
негізсіз қозғалған қылмыстық іс бойынша көмек сұрады.
Көтерілген барлық мәселелерді тиісті органдармен талқылауға және Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасына сауалдар дайындап, жолдауға жолдауға
келістік.

Содан кейін, Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік
Шолпанқұловпен «Ақ жол» фракциясы депутаттарының «Банктер және банк қызметі
туралы» заңға қатысты ұсыныстарын, елдегі финтех және криптовалюта айналымын
дамыту бойынша ұстанымдарымызды, соның ішінде крипто биржалар мен криптовалюта
айырбастау орталықтарының жұмыс істеуін, оларды екінші деңгейлі банктердің
пайдалануын және Ұлттық банк пен АХҚО-ның осы айналымдарды реттеуін талқыладық.
Президент цифрлық қала деп жариялаған Alatay City аумағында криптовалюта
айналымын реттеу бөлек сұрақтар тудырады.
Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжанмен (көршілес Ресейде жанар-жағармай
өндірісінің азаюына байланысты) Қазақстаннан жанар-жағармайдың заңсыз
шығарылуының арту мәселесін және мұндай контрабандаға қарсы күрес
мүмкіндіктерін талқыладық.
Министрлік мұнай қоймаларын бақылауды күшейту және басқару құрылғыларын
орнату арқылы мәселенің шешімін көріп отыр.
Бұл мәселені бизнеспен талқылауға және базалар дайын болған жағдайда оларға
түсетін қаржылық ауыртпалықты азайтуды қарастыруға келістік. Сондай-ақ, тиісті
құрылғылардың отандық өндірісін құруды талқылау үшін КИП өндірушілерін шақыруымыз
қажет болады.
Кейін партия төрағасы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мәселелері бойынша
Астана қалалық маслихатының «Ақ жол» демпартиясынан сайланған депутаты Жанаргүл
Құлмағанбетовамен кездесті. Көтерген мәселелерін «Ақ жол» демократиялық
партиясы Ұлттық кеңесінің келесі отырысында көтеруді ұсынды.