29
Маусым

«Ақ жол» фракциясының депутаттары Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алды

https://t.me/peruash/6459

Мәжілістің бүгінгі отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев депутаттардың сауалдарына жауап берді. Министрліктің жұмысын «Ақ жол» демократиялық партиясы фракциясының үш мүшесі сынға алды: депутат Берік Дүйсембинов Павлодар облысындағы шаруалардың кейбір делдалдардың ұсынысына көніп, асыл тұқымды мал сатып алу үшін оңай несие алған жағдайларға назар аударуды талап етті. Ал сатып алынған малдың асыл тұқымды емес екені анықталған соң, ауыл тұрғындарын бәріне кінәлі қылып, жергілікті шенеуніктер «сүттен ақ, судан таза» болып шықты. Бұл жағдай туралы журналистер де хабарлаған (https://informburo.kz/amp/novosti/iz-za-nepravilnyx-korov-u-fermerov-iz-pavlodarskoi-oblasti-xotyat-otobrat-subsidii). 

Министр «Бәйтерекпен» диқандарды қорғап екі рет телефон арқылы сөйлескенін, бірақ бұл мәселеге Ауыл шаруашылығы министрлігінің еш қатысы жоқ екенін, ауыл тұрғындарының өздері алаяқтардың қолына түскенін айтты. Сондықтан ол әріптестеріне тағылған сынмен үзілді-кесілді келіспейтінін білдірді. Депутат Азамат Әбілдаев мал шаруашылығын субсидиялаудың қазіргі жүйесін қалдыруға шақырып, бұл субсидиялар бойынша мемлекеттің үлкен қарызы туралы баяндады. Е.Қарашөкеев қарыз өтелетінін, бірақ субсидиялау тәртібі өзгеретінін айтты. Алайда, Парламент Мәжілісінің Аграрлық комитетінің төрағасы Ерлан Барлыбаев бүгінде Президенттің бұл тапсырмасы орындалмағанын айту керектігін айтты. Сонымен қатар, Е.Барлыбаев ауылшаруашылық өнімдерінің, атап айтқанда, өсімдік майының экспортын квоталаудың теріс тәжірибесіне назар аударды. Соның салдарынан экспортқа бағытталған кәсіпорындар қоймалары өткізетін жері жоқ өніммен толтырылған. Осыған байланысты «ақжолдықтар» квотаны экспорттық баж салығына ауыстыруды ұсынды. 

Бірақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы одан бас тартып, квота ішкі нарықты қорғаудың «жалғыз» құралы екенін айтты.

Осы талқылаудың аясында әріптестерімді қолдадым. АШМ ұстанымы, менің ойымша, ретроградтық және нарыққа қарсы.

Сонымен, ауыл шаруашылығы министрлігінің жергілікті органдарының кәсіпкерлерді алдаудағы рөлін жоққа шығара отырып, министр несие берудің жалған схемасы санаулы күндерде қалай бекітіледі деген сұраққа жауап бермей отыр, ал ондай «көмекшілерсіз» шаруалар офистердің айналасында айлар бойы нәтижесіз сандалып жүруер еді? Шаруа қожалықтарында көбінесе бопсалаушылардың шарттарымен келісуден басқа амалы қалмайды, ал жергілікті ауыл шаруашылығы басқармалары мұнда «бөтен адамдар» емес, барлық іске тікелей қатысушылар.

Оған кәсіпкерлердің пилоттық автоматтандырылған жүйе аясында субсидия алуға өтінімдеріне тосқауыл қойылып, күтпеген жерден ауданның 1-2 ірі шаруа қожалығына субсидиялардың көп бөлігі тиетіні туралы хабарламалары дәлел. Яғни, «автоматтандырылған» жүйе іс жүзінде сол адам факторын қамтиды, ал негізі теориялық тұрғыдан оны жою үшін арналған еді. Осы орайда «таңдаулы» шаруа қожалықтары субсидиялардың негізгі бөлігін аймақтарда нақты қалай алады деген сұрақ туындайды.

Министрдің экспорттық квотаға (және жалпы квотаға) қатысты «принципті» ұстанымына келетін болсақ, бұл менің ойымша, жүйенің бюрократиялық, оның үстіне өте коррупциялық құралы.

Квоталау – кәсіпкердің дәл осы квоталарды таратып отырған шенеуніктерге бас иіп, олардың «шарттарын» қабылдау қажеттілігін білдіреді. Бұл жерде Ауыл шаруашылығы министрлігінің барлық тәжірибесі көрсеткендей, ешқандай «автоматтандыру» көмектеспейді.

Квоталарға нарықтық балама экспорттық баж салығын енгізу болып табылады. Бұл шара өнімді өткізуге мүмкіндіктер ашады, бұл бизнес үшін де (шенеуніктерді айналып өтудің қажеті жоқ), мемлекет үшін де (бюджетке қосымша төлемдер түседі), тұтынушылар үшін де (ішкі нарықты тауарлардың бақылаусыз экспорты) тиімді. Бірақ басқалардың шығарғанын таратып отырып ғана пайда тапқысы келетін жемқор шенеуніктерге тиімсіз. Соның салдарынан ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеушілер ғана емес, олардың шикізатын сатып алатын ешкім болмағандықтан, шаруалар да квотадан зардап шегіп отыр.

Фракция атынан Ауыл шаруашылығы министрлігін қолданыстағы тәсілдерді қайта қарауға шақырдым.