26
Ақпан

"Ақ жол" ұлттық спортты ұлықтайды

26 ақпан 2023 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз қызметі


Азат Перуашев бастаған республикалық штаб мүшелері көкпаршылармен кездесті. 


Тарихы терең Жамбыл ауданында бірнеше жылдан бері ұлттық спортты насихаттау мақсатында белгілі атбегі Орынтай Қырғызбайұлы Әмірғалиев бастаған бір топ атбегілер аудандық эстафеталық "Сыбаға көкпар " ойынын өткізуді қолға алған болатын. 



Сол ойын жылдағы дәстүрге айналып Жамбыл ауданында көкпар спорты ерекше дамып келеді. 


«Ақ жол» демпартиясының үгіт-насихат тобы Ақтерек ауылына барып, көкпар ойынынын тамашалады.  


"Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашев ұлттық спортты дамытуға үлес қосып, жастар арасында көкпардың дамып келе жатқанына тәнті болып, өзінің жылы лебізін білдіріп, әр ауылдық округтен құралған командаларға сәттілік тіледі. 


Сондай-ақ, партия төрағасы ұлттық спортқа алдағы уақытта "Ақжол" партиясынан қолдау болатынын айтып, оны одан әрі дамытуға барынша күш-жігерін салуға өз септігін тигізетінін де жеткізді.