25
Тамыз

“Ақ жол” мүшелері “Мектепке жол” қайырымдылық акциясына үлес қосты

25 тамыз 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы

Жаңа өзен қаласы, Кендірлі ауылында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында ауылдағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына жаңа оқу жылына қажетті оқу құралдары мен заманауи планшеттер үлестірілді.

Игі бастамаға “Ақ жолдың” Жаңаөзен қалалық мәслихат депутаты, “MunaiFieldService” ЖШС бас директоры Нұрлан Белшер және “Ақ жол” демпартиясының мүшесі, “МөлдірМұнайСервис” ЖШС басшысы Ерлан Сабиев қолдау көрсетті.

Балаларының жаңа оқу жылына толыққанды дайындалуына мүмкіндік жасап, қолау көрсеткен азаматтарға ата-аналар ризашылықтарын білдірді.

- “Білім – болашақтың жарқын кепілі. Сондықтан жаңа оқу жылында оқушылардың зейіні ашылып, білім алуға қызығушылықтары арта берсін. Әрбір тоқсанды оқушылар үздік аяқтап, білім шыңынан көріне берсін. Алдағы уақыттада олардың білім алып, жетістікке жетуіне үлес қоса береміз”, – дейді “Ақ жол” демпартиясының мүшесі Нұрлан Түкмағанбетұлы.