8 тамыз 2025 жыл, Маңғыстау облыстық филиалы
Бүгін Жаңаөзендегі «MunaiFieldService» ЖШС-дегі “Ақ жол” партиясының
мүшелері Таза Қазақстан акциясы аясында
қаланың кіреберісіндегі стелланы абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.
Сенбілік барысында Жаңаөзен қаласының кіреберісіндегі стелланы сырлап,
айналасын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізді. Қаланың келбетін көркейтуге
бағытталған бұл игі іс аясында жоспарланған аумақтағы қоқыстар сұрыпталып,
тұрмыстық қалдықтар төгетін арнайы
полигонға жөнелтілді.
- “Бұл бастама – қоршаған ортаға жанашырлық пен туған жерге деген
сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі. Әрбір адам өзінің үлесі арқылы өз қаламызды,
ауылымызды, айналамызды таза ұстауға
міндеттіміз деп ойлаймын. Жерлестерімді Таза Қазақстан акциясы аясында
тазалық пен абаттандыру жұмыстарына, сенбіліктерге белсенді атсалысуға
шақырамын.”, - дейді “Ақ жол” партиясының белсенді мүшесі Сәнбибі Кулгарева.