18
Желтоқсан

"Ақ жол" отандық бизнестің мүдделерін қорғауды талап етті – Qazaquni.kz

Қазақстан Республикасының

Премьер министрінің орынбасары

С.М.Жумангаринге

«Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалы

Автор - Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев

Отандық кәсіпкерлер ресейлік кеден органдарының негізсіз іс-әрекеттеріне байланысты «Ақ жол» ҚДП фракциясына жүгініп отыр. Олар Ресей үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы №311, 312, 313 қаулыларына сілтеме жасай отырып, Еуропа елдерінен халықаралық транзиттік тасымалдар шеңберінде Қазақстанға келетін жүктерін тексеріп, мүлдем кешіктіруде.

Қазақстандық тасымалдаушылардан алынған ақпарат бойынша, мұндай шектеулер Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арқылы транзитпен Қытай халық республикасынан Еуроодақ елдеріне тасылатын жүктерге де қатысты болды.

Көлік құралдары тоқтап, жүктер көптеген тексерулерге ұшырауда. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес көлік құралдарының тоқтап қалуы, жүктерді тексеруге қосымша шығындар, күту кезеңінде жүргізушілердің тұруы мен тамақтануына ақы төлеу, сондай-ақ жеткізу мерзімдерінің бұзылуы және соның салдарынан салынған ірі айыппұл санкциялары салдарынан айтарлықтай шығындар әкелуде.

Жоғарыда аталған қаулылармен Ресей үкіметі өз аумағынан тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге уақытша шектеулер қойып отыр.

Алайда, қаулыларда Ресей Федерациясының аумағынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын халықаралық транзиттік тасымалдар аясында Ресей Федерациясының аумағынан әкетілетін тауарларды алып тастау қарастырылған.

Осылайша, ресейлік кеден органдарының үшінші елдерден тауарлар транзитіне қарсы тұруы, Ресей үкіметінің саясатына, оның қаулыларының ережелеріне қайшы келеді және қазақстандық импорттаушылар мен экспорттаушыларға теріс әсер етеді.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресейдің Еуразиялық экономикалық одаққа өзара мүшелігін ескере отырып, қалыптасқан жағдай Еуразия экономикалық одағының мәні мен нормаларына қайшы келеді деп есептейміз.

Осыған байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары Премьер министрдің орынбасарынан отандық бизнестің мүдделерін қорғауды және бұл мәселені ресейлік әріптестерімен реттеуді талап етеді.

Құрметпен,

«Ак жол» фракциясының депутаттары

Е. Бейсенбаев

А. Перуашев

Д. Еспаева

К. Иса

Е. Барлыбаев

С. Ерубаев