05
Қыркүйек

«Ақ жол» партиясы 20 жылдығына арналған «Әр қазақ менің - жалғызым» дәстүрлі фотобайқауына ұсынылатын жұмыстарды қабылдау мерзімі 2022 жылдың 15 қазанына дейін ұзартылды

5 қыркүйек 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі

Қазақстанның әсем табиғатын, қарапайым еңбек адамдарының тұрмыс-тіршілігі мен келбетін, қазақ тарихының маңызды оқиғаларын, Алаш ұстанымын насихаттауды фотосурет арқылы ашып жүрген кәсіби және әуесқой фотографтарға арналған жыл сайын өткізілетін «Әр қазақ менің - жалғызым» дәстүрлі фотобайқауына ұсынылатын жұмыстарды қабылдау мерзімі көпшіліктің сұрауы бойынша 2022 жылдың 15 қазанына дейін ұзартылды.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:

Әрбір қатысушының байқауға жіберген жұмысы 5 (бес) суреттен кем және артық болмауы тиіс.

Бір автор тарапынан байқауға ұсынылған 5 (бес) сурет жанры, тақырыптық си­паты және мазмұны жағынан әртүрлі болуы шарт.

Жұмыстарға дауыс беру «Ақ жол» партиясының ресми сайтында https://akzhol.kz/fotokonkurs-2/ сілтемесі бойынша 15 қазаннан 15 қарашаға дейін жүргізіледі.

Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп дауыс жинаған 20 (жиырма) жұмыс байқау комиссиясының бағалауына жіберіледі. Байқаудың жеңімпаздарын тәуелсіз кәсіби сарапшылардан тұратын қазылар алқасы анықтайды.

Байқаудың толық ережесімен мына сілтеме https://akzhol.kz/kk/polozhieniie-traditsionnogho-fotokonkursa-moi-narod-moia-strana-posviashchiennogho-20-lietiiu-partii  арқылы таныса аласыздар

Байланыс телефоны: 8 (7172) 602-673, электронды пошта: press-akzhol@mail.ru