27 маусым 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Өскемен қаласында мемлекет меншігіне «Алтай» технопаркі қайтарылды. Бірнеше жыл бұрын
жеке меншікке заңсыз өткен бұл нысан енді қайтадан Д.Серікбаев атындағы
ШҚТУ-дың ғылыми жобаларын жүзеге асыру алаңына айналады.
Жоспарға сәйкес, технопаркте медициналық
импланттар мен агросекторға арналған құрылғыларды өндіру жолға қойылады. Жалпы
құны 1,5 миллиард теңге болатын қайтарылған активтер отандық технологияларды
дамытуға жұмыс істемек.
«Ақ жол» партиясының ШҚО филиалы бұл
процесті жіті бақылап отыр. Партия қайтарылған әрбір актив ел игілігіне жұмыс
істеуі керек деп есептейді.
Таза экономика – әділетті қоғамның негізі
