29 мамыр 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы
Бүгін 29 мамыр 2025 жылы, Алматы облысы Талғар ауданы, Тұздыбастау ауылында
орналасқан «Алашқа тағзым» монументінің ауласына тазалық жұмыстарын жүргізуге
Алматы облысы «Ақ жол» демпартиясының филиал ұжымы барып, алаңда орналасқан
демалу орындықтарын сырлап, шөптерін жұлып, ауланы ретке келтірді. 31 мамыр
күні бір топ партия белсенділерімен барып гүл шоқтары қойылып, құран
бағышталады.


