01
Наурыз

“Ақ жол” партиясы алғыс айту күніне орай Шымкенттіктерге мерекелік көңіл-күй сыйлады

1 наурыз 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай “Ақ жол” демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері мен жастар кеңесінің еріктілері қала тұрғындарына ерекше ықылас танытты. Олар мерекелік іс-шара ұйымдастырып, көшедегі халыққа жылы лебіздерін білдірді.

Акция барысында еріктілер қала тұрғындарына алғыс айтты. Сонымен қатар, олар қала көшелерінде жүргіншілерге тәттілер таратып, шымкенттіктердің көңілін көтерді.