04
Маусым

«Ақ жол» партиясы ардагер мүшесін Құрбан айт мерекесімен құттықтады

4 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Құрбан айт мерекесіне орай «Ақ жол» ҚДП  Шымкент қалалық филиалының төраға орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы және филиал қызметкерлері «№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де тұратын ардагер, партияның белсенді мүшесі Мамбет Құрманбаевқа арнайы барып, жағдайын сұрап қайтты.

Партия өкілдері ақсақалды айтулы мейраммен құттықтап, мерекелік тартуларын табыстады.

Мамбет Құрманбаев – елдің әлеуметтік-саяси өміріне белсене араласқан, «Ақ жол» партиясының белсенді ардагері. Қария өзіне көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.