12 мамыр 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы
Жеңістің 80 жылдығына орай «Ақ жол» Демократиялық партиясының Абай облыстық
филиалы төрағасының орынбасары Иманжаппар Мұрат Тлегенұлы Жарма ауданы, Үшбиік
ауылына арнайы барып, мерекелік шараға қатысты.
Мұрат Тлегенұлы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ұрпақтарын, тыл
еңбеккерлерін және ауыл тұрғындарын “Ақ жол” партиясы атынан Жеңіс күнімен
құттықтап, алғыс сөзін білдірді. Ол өз сөзінде ардагерлердің ерлігі мен тылда
еңбек еткен жандардың табандылығы – бүгінгі бейбіт күннің негізі екенін атап
өтті.
Осындай тағзым шаралары ұрпақтар сабақтастығын жалғап, елге қызмет етудің,
тарихты ұмытпаудың жарқын үлгісіне айналуда.

