«Ақ жол» партиясы Ақтауда «Дін мен дәстүр» апы конференция өткізді - Казак унi
14 қазан күні Ақтау қаласындағы «Ақтау» қонақүйінде Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол - жастар» жастар қанаты және облыстық «Бекет ата» мешіті біріге отырып, «Дін мен дәстүр» атты конференция өткізді.
Конференция жұмысына Маңғыстау облыстық және қалалық әкімдігі, Ауған соғысының ардагерлері, облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы, Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің бас имамы, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мүшелері, «Армян» жастар орталығының қызметкерлері, ақын-жазушылар, Маңғыстау облыстық ресурстық орталығы, «Ақ жол - жастар» жастар қанатынын мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері катысты.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе - «Дін мен дәстүр» тақырыбы бойынша «Маңғыстау облысының Дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Есенәлі Иса, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының жанындағы «Ақ жол - жастар» жастар канаты төрағасының орынбасары Гүлден Өмірзақ баяндамаларын оқыды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы, Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің бас имамы Сейітбеков Смайыл қажы Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасын кеңінен түсіндіріп. толық мағлұмат беріп өтті.
Сонымен қатар, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының жанындағы «Ақжол - жастар» жастар қанатынын баспасөз хатшысы Жанұзақ Қойшықұлов баяндама жасады.
Аталмыш мәселелер бойынша түрлі сұрақтар қойылып, қатысушылар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді тілге тиек етіп, «Ақ жол — жастар» жастар канаты төрағасының орынбасары Гүлден Өмірзақ, Маңғыстау облыстық ресурстық орталығының басшысы Ерғали Анесов, ақжолдық белсенді Ағзам Жұмсақов өз ұсыныстарын жеткізді. Ежелден келе жатқан асыл дініміздің бұрмалануы, ата-дәстүріміздің заман ағымына қарай өзгеріске ұшырауы, қоғамда орын алған жат қылықтардың зияны туралы пікір алмасты. Ордалы Қосай, Әмина Күнзила, Дүйсенбі Әріп т.б. аға-апаларымыз «Ақ жол» жастарына ақ тілегін жаудырды, сонымен қатар конференция соңында Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінің ұжымы қызметкерлері қатысушы қонақтарға «Қүран Кәрім» кітабын таратты. Хаснияз Дүйсен қажы «Тұғырнаманың» маңызы мен мәнін түсіндіріп өтті. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы «Ақ жол - жастар» жастар қанатының төрағасы Сәдіркожа Кенжеғалиев жиынды қорытып, катысушыларға алғыстарын білдірді.
Конференцияны «Қызғалдақ» би тобының бишілері өз өнерлерімен әрледі.
«Ақ жол» МОФ жанындағы «Ақ жол - жастар» жастар қанатының баспасөз кызметі
Дерекнама - Казак унi (Алматы), № 42 (696), 20.10.2015