Бүгін алаштың аяулы азаматы, белгілі спорт комментаторы Аманкелді Сейітханды еске түсіруге арналған бильярд турнирін өткіздік. Аманкелді бауырымыз "Ақ жол" партиясына да өте жақын болып еді. Партиямыз ұйымдастырған шараларға араласып, оны насихаттауға да көп еңбек сіңірген бауырымыз болды. Бүгінгі турнирге республиканың аймақтарынан он екі командаға бөлінген түрлі БАҚ-дың 40 шақты журналист қатысып, өте тартысты жарыс болды. Нәтижесінде Тараздан келген журналистер бас жүлдені жеңіп алды. Бір қызығы, турнирдің чемпионы аталған жігіттер облыстық "Ақ жол" газетінде істейді екен. "Ақ жол" тағайындаған жүлде "Ақ жол" газетіне бұйырды.))
Екінші орын алматылықтардың "Алатау" командасының еншісіне тисе, үшінші орынға Ұлттық арнаның жігіттері ие болды.
Турнир барысында Аманкелді Сейітхан бауырымыздың рухына құран бағышталып, отбасына құрмет көрсеттік. Аталған турнир енді жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ.