22 қазан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» филиалының төрағасы Әлібек Исиннің
жетекшілігімен облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Аманов, Жастар қанатының жетекшісі Гаухар Менлибаева,
партия мүшесі Алдияр Үкеннен құралған жұмыс тобы Ұлытау ауданына іссапармен
барды.
Сапардың мақсаты – кәсіпкерлермен кездесіп, өңірдің өзекті мәселелерін
талқылап, жаңа мүмкіндіктерді айқындау болды.
Кездесуді филиал төрағасының орынбасары, аудан үйлестірушісі Сағадат
Мұхамбетов жүргізді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Алмаз Қайырбек және
кәсіпкерлер қатысты.
Ақылбек Аманов кәсіпкерлермен ашық әрі мазмұнды диалог өткізді, ал Әлібек
Исин елде қабылданған Жаңа Салық кодексінің мәні мен артықшылықтарын
түсіндірді.
Атап айтқанда:
Үкімет Жаңа Салық кодексінде шағын және орта бизнес үшін жеңілдетілген
декларация негізіндегі арнайы салық режимін (СНР) сақтау туралы маңызды шешім
қабылдады. Яғни, енді бұрыннан бар кәсіпкерлік қызметтің тек 44 түріне ғана
оңтайландырылған декларация бойынша арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға тыйым
салынған тізімде қалады. Ал ең қуаныштысы – қалған 1067 ЭҚЖК түрі бойынша АСР
қолдануға рұқсат берілді! Бұл – кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік және біздің
«Ақ жол» партиясының табанды еңбегінің нақты нәтижесі!
2 қазан күні «Ақ жол» фракциясының Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр
Олжас Бектеновтың атына ресми хат жолдап: Арнаулы салық режимін шектеуге емес,
барлық кәсіп түрлеріне рұқсат беруді талап еткен; 44 қызмет түрімен шектелген
шешімге қарсы шығып, оның кәсіпкерлерге зиянын дәлелдеген.
Бұл хат партия Төрағасы Азат Перуашевтың Telegram-арнасында жарияланған
(сілтеме: @peruash/14190).
Одан бөлек Фракция отырысында «Ақ жол» партиясы жаңа Салық кодексіне ҚАРСЫ
дауыс берген;
Нәтижесінде дәл осы нұсқаны Үкімет қабылдады — бұл шешім Мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатаң тапсырмасынан кейін жүзеге асты.
Бұл – «Тыңдайтын мемлекет» қағидатының айқын көрінісі!
Бұл – «Ақ жол» партиясының әділ саясатының, табанды ұстанымының және
кәсіпкерлер мүддесін қорғаудағы нақты іс-әрекетінің жарқын көрінісі!


