ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Берік Камалиев пен «Қазавтожол» АҚ Басқарма Төрағасы Асқар Маратұлы автожолдар желісінің дамуы, орын алған проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Екі сағаттық қызу пікірталас барысында олар Мәжіліс депутаттары Серік Ерубаев, Берік Дүйсембинов, Айгүл Жұмабаева, Азамат Әбілдаев, сондай-ақ жергілікті мәслихаттардағы әріптестеріміз Әбдірасұл Құрбаналиев (Түркістан), Құрманғазы Мұсағитов (Жарма ауданы, ШҚО), Рүстем Тұңғатов (Шахтинск, Қарағанды обл), Бауыржан Жанғұнақовтардың қойған (Нұр-Сұлтан) сұрақтарына жауап берді. Жүк көліктері жүргізушілерінің наразылықтары мен осы сала бойынша проблемалар, оның тауарлардың бағасына әсері туралы маңызды әңгіме болды. Пікірталас нәтижелерін қорытындылай келе, «Ақ жол» демократиялық партиясы нарықтық реформаларды жақтайтынын, сондықтан қазіргі заманғы магистральдардың ақылы болуына дау айтпайтынын атап өтті. "Тегін ірімшік тек тышқан қақпанында болады".
Сонымен қатар, нарықтық тәсіл ақылы болудан басқа, баға мен сапаның арақатынасы, сондай-ақ тұтынушының таңдау құқығы сияқты қағидаттарды қамтиды.
Бұл тұрғыда ақылы жолдардың сапасына, қауіпсіздігіне және қызмет көрсетуіне қатысты мәселелер бар. Сонымен қатар, таңдау құқығы ақылы магистральдардан басқа балама, ақысыз жолдардың болуын білдіреді.





Б.Камалиевпен келісуіміз керек, біздің қашықтықтарымызда, халықтың дисперсиялығы мен тығыздығының төмендігінде (демек, автожолдар жүктемесінің төмендігінде) республикалық магистральдар бойында қатар жүретін тегін жолдарды салу және күтіп ұстау бюджет үшін тиімсіз және орынсыз.
Сонымен қатар, осы 1-санаттағы жолдардың құрылысы барысында олардың бойында технологиялық (грейдер, топырақты) жолдар төселеді, оларды магистральдар құрылысы аяқталғаннан кейін көршілес/жақын орналасқан ірі елді мекендер арасындағы аралықтарда да сақтауға және жұмыс жағдайында ұстауға болады. Және оларды тегін балама ретінде пайдалануға болады.
Ал ең бастысы: ақылы жолдарда жол жүру құнын арттыру туралы шешім, сондай-ақ жаңа учаскелерде ақы төлеуді енгізудің уақыты әлі туған жоқ. Бір жарым жылға созылған «коронадағдарыс» кәсіпкерлердің де, халықтың да ақша айналымы мен төлем қабілетіне теріс әсер етті. Үкімет шағын және орта бизнесті қолдаудың түрлі шараларын қолға алуда және тауарларды тасымалдау шығындарының артуы мемлекеттің қазіргі саясатына қайшы келеді. Сондықтан «Ақ жол» фракциясы автотасымалдаушылармен ынтымақтасады және мәлімделген жоспарларды қайта қарауды талап етеді.
Бүгін кешке (9 маусым) кейбір телеарналар хабарлағандай, ҚР ИИДМ даулы 18 учаскенің 13-інде ақылы жүйені енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдады. Егер солай болса, онда біздің әрекетімізді сәтті деп санауға болады. Бірақ сенімді болу үшін алдымен Үкіметтен 2 маусымдағы депутаттық сауалымызға ресми жауап күтеміз.