15
Мамыр

«Ақ жол» партиясы өкілдері мен Кеңес мүшелері азаматтар мәселесін пысықтады

15 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері  Ш.Есекеева мен Н.Амангелдиев кешегі, 2025 жылдың 14 мамырында өткен партиядан сайланған облыстық және қалалық мәслихат депутаттарының басқосуында қабылданған шешім негізінде филиалдың қоғамдық қабылдауына жүгінген азаматтардың мәселелерін жан-жақты пысықтап, оңтайлы шешу мақсатында облыстық Кеңес мүшелері Ж.Прманов, Ғ.Байсеитов және О.Шналиевпен кездесті.