18
Маусым

«Ақ жол» партиясың өкілдері тұрғындардың мәселесін тыңдады

18 маусым 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қаласындағы «Нұрсат» шағынауданы тұрғындары көптен бері шешімін таппай келе жатқан бірқатар түйткілді мәселелерді көтерді. Осыған орай, «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының өкілдері аталған аумаққа барып, тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуге филиал төрағасының орынбасары Шуханов Адай Кенжебайұлы және филиалдың заңгері Данара Саранова қатысып, тұрғындардың арыз-шағымдарын тыңдады.

Көпқабатты үй тұрғындары балалар ойын алаңшасының әбден тозығы жеткенін, кешкі уақытта аулада жарық шамдары жанбайтынын және қауіпсіздік мақсатында бейнебақылау камераларының қажеттігін жеткізді.

Азаматтардың өтініштерін мұқият тыңдаған партия өкілдері барлық көтерілген мәселелерді назарға алып, тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолданатынын айтты.