5 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Алаш қозғалысының жетекшісі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан
Бөкейханның туған күніне орай «Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық
филиалы арнайы тағзым шарасын өткізді. Іс-шара барысында қатысушылар тарихи
тұлғаның рухына құрмет көрсетіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Жиынға партия өкілдерімен бірге Әлихан Бөкейханов атындағы №39 мектептің
ұстаздары мен оқушылары да қатысып, ұлт көсемінің ел мүддесі жолындағы еңбегін
еске алды. Жастар оның идеялары мен мұрасының бүгінгі қоғам үшін маңызын атап
өтті.
Шара барысында сөз сөйлегендер Әлихан Бөкейханның қазақ мемлекеттілігінің
қалыптасуына қосқан үлесін, Алаш қозғалысының ел тарихындағы орнын тілге тиек
етті. Қатысушылар ұлт зиялыларының аманатына адалдық таныту – кейінгі буынның
жауапкершілігі екенін айтты.
«Ақ жол» демократиялық партиясы – Алаш мұрасын жаңғыртып, ұлттық
құндылықтарды дәріптеуді басты мақсат еткен саяси ұйым!