24
Тамыз

«Ақ жол» партиясы мүшелері өңір басшысымен бірге Озерки мектебіне барды

24 тамыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында 1987 жылы салынған Озерки орта мектебіне арнайы барды. Бұл іссапарға сондай-ақ «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының мүшесі, Жаңасемей аудандық мәслихатының төрағасы Ермек Төленұлы Әбілмәжінов те қатысты.

Қазіргі таңда аталған білім ордасында 50 ұстаз жас ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбек етіп, 327 оқушы білім алуда. Бұдан бөлек, мектепалды даярлық сыныбында 23 бала тәрбиеленіп жатыр. Бұл – ауылдық жердегі білім беру жүйесінің маңызды буындарының бірі.

Алайда мектеп ұжымы мен ата-аналарды алаңдатқан бірқатар мәселелер де бар екені айтылды. Атап айтқанда:

                    мүгедектігі бар балалар мен азаматтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін арнайы пандус орнату қажеттілігі,

                    мектеп ауласын қоршаумен жабдықтау,

                    кіреберіс пен ойын алаңдарын жөндеу жұмыстарының қажеттілігі көтерілді.

Мектеп директоры аймақ басшысына осы түйткілдердің шешілуіне қолдау көрсетуді сұрады. Өз кезегінде облыс әкімі білім беру саласына қатысты мәселелер әрқашан басты назарда болатынын, әрі алдағы уақытта мектептің жағдайын жақсарту бағытында тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Бұл кездесу – ауыл мектептеріндегі инфрақұрылымдық жағдайға көңіл бөлу қажеттігін тағы да айқындап берді. «Ақ жол» партиясы тарапынан да аталған мәселелер назарға алынып, оны шешу жолдары бақылауда болады.