2 қыркүйек 2025 жыл, Абай
облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық
партиясының Абай облыстық филиалының мүшесі, қаламыздағы белгілі кәсіпкерлердің
бірі әрі меценат Досбол Иса қайырымдылық акциясын өткізді.
Іс-шара аясында ол ерекше балалар
үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп, олардың өз қалауымен
таңдаған киімдерін сыйға тартты. Бұл балалардың жүзіне қуаныш сыйлап, арман-тілектерін
орындауға мүмкіндік берді.
Мұндай игі қадам – қоғамдағы
әлеуметтік жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әр бала – ел болашағы, сондықтан
оларға қамқорлық көрсету, сенім мен жылулық сыйлау – баршамыздың ортақ парызымыз.
«Ақ жол» партиясы мүшелерінің
бастамалары алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамға үлгі боларлық ізгі
істермен толықпақ.